Ағымдағы жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығының мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесуде пластик, шыны, қағаз қалдықтарын қайта өңдеу бойынша бизнестің әлеуетті жобалары қаралды.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Президенті ү.ж. 7 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында инвесторларды тарта отырып, ірі қалаларда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарының құрылысын жандандыруды тапсырған болатын. Мемлекет басшысыныңтапсырмасын іске асыру мақсатында ҚазақстанРеспубликасының Премьер-Министрі а.ж. 9 ақпанда наурыз айына дейін қалдықтарды қайтаөңдеу жөніндегі жобалардың нақты тізбесінұсынуды тапсырды.