Пресс-релиз

Пресс-релиз

ҚР ЭТРМ БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының 28-ші конференциясын өткізуге арналған шығыстарға қатысты өткізілген (COP-28) ішкі аудит нәтижелері бойынша ақпараттар Министрлік басшылығымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жіберілді.

Осыған байланысты, 2024 жылғы 5 ақпанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің жедел-тергеу тобымен Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаевтың қызметтік үй-жайында құжаттар алынды.

Қазіргі уақытта вице-министр жұмыс орнында жоқ.