БАӘ-нің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Саид Әл-Арики мырзамен кездесу

БАӘ-нің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Саид Әл-Арики мырзамен кездесу

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев БАӘ-нің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Саид Әл-Арики мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар өткен жылдың желтоқсан айында Дубай қаласында (БАӘ) 150-ден астам елден келген делегациялар, оның ішінде Қазақстаннан келген делегация қатысқан БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі Конференциясының (СОР-28) оң тұстарын атап өтті.

«Қазақстан үшін СОР-28 еліміздің көміртегі бейтараптығына қол жеткізу, сондай-ақ климаттың өзгеруінің салдарын жұмсарту бойынша әлеуетті арттыру және жобаларды іске асыру үшін елдермен өзара іс-қимыл жөніндегі өршіл мақсаттары туралы мәлімдеуге тамаша алаң болды», - деп атап өтті Е.Нысанбаев.

Айта кету керек, Қазақстан Президенті Қ.К. Тоқаев 2026 жылы Астанада БҰҰ қамқорлығымен Орталық Азия елдерінің өңірлік Климаттық саммитін өткізуді ұсынды. Бұл іс-шара өңірдегі климаттың өзгеруіне қарсы күресте Орталық Азия мемлекеттерінің өзара іс-қимылын одан әрі нығайтуға ықпал ететін болады.

Сондай-ақ, министр Қазақстан СОР-28 қабылданған міндеттемелер мен іс-қимылдарды қолдайтынын және біз халықаралық әріптестерімізбен, соның ішінде БАӘ-мен халықтарымыз үшін салдарларды жұмсарту және неғұрлым орнықты болашақ құру үшін ынтымақтасуға ниеттіміз деп атап өтті.

Кездесу соңында БАӘ-нің ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Саид Әл-Арики мырза СОР-28 жұмысына белсенді қатысқаны үшін Е.Нысанбаевқа алғыс хат табыс етіп, екі елдің экологиясы саласындағы ынтымақтастыққа сенім білдірді.