СОР28 алаңында ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев жапондық тараппен JCM-ді нарықтық тетік ретінде енгізу бойынша техникалық кездесу өткізді. Атап айтқанда, бірлескен комитет құру мәселелері, оның жұмыс істеуі және одан арғы қадамдар.
Жапония JCM арқылы Қазақстанда шығарындыларды азайту жөніндегі жобаларды іске асыру арқылы екі елдің ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарына қол жеткізуге ықпал ететін болады.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылы Қазақстан мен Жапония арасында Қазақстанда бірлескен кредит беру тетігі бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.