Ерболат Сатыбалдин, VIII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі
"Бүгін Орталық Азия павильонында біз өңіріміздің елдерімен біріге отырып, жаһандық климаттың өзгеруінің жағымсыз салдарының алдын алу бойынша бірлескен шараларды талқыладық. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан 2015 жылғы Париж келісіміне қосылып, 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөніндегі міндеттемені қабылдады. Мен Орталық Азиядағы әріптестеріме осы салада қабылдап жатқан шаралар туралы айттым. Біздің елдерімізде экологиялық проблемаларды бірлесіп шешу, соның ішінде Арал, шөлейттену, мұздықтардың еруі және т. б. міндеттері бар. Осыған байланысты біз осы саладағы, оның ішінде бірлескен ғылыми зерттеулер бойынша ортақ жұмысымыз бойынша уағдаластықтарға қол жеткіздік. Біздің ортақ жұмысымыз бірлескен мәлімдеме мен "5 Ел – 1 өңір – 1 дауыс" ұраны аясында жалғастырылатын болады.