Бүгін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Q88» аумақты орнықты дамыту қауымдастығы арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Ынтымақтастық келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
- декарбонизацияны, жасыл экономикаға көшуді және жасыл аумақтарды (саябақтар, ботаникалық бақтар, жағажайлар, тақтайшалар, ұлттық саябақтар, қорғалатын табиғи аймақтар мен жасыл белдеулер)қалыптастыруды қоса алғанда, орнықты даму жөніндегі стратегиялық құжаттарды дайындау;
- жасыл күн тәртібін ілгерілету және насихаттау, сондай-ақ халықтың экологиялық мәдениетінің деңгейін арттыру, оның ішінде тақырыптық білім беру іс-шараларын өткізу, арнайы бағдарламалар мен жобаларды іске асыру арқылы;
- декарбонизацияны, жасыл экономикаға көшуді және жасыл аумақтарды қалыптастыруды қоса алғанда, тұрақты даму бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында, көлік пен энергетикада, өнеркәсіптік өндіріс пен құрылыста, ТКШ мен қалдықтармен жұмыс істеуде, сондай-ақ экономика мен әлеуметтік саланың басқа да салаларында көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге бағытталған орнықты даму жобаларын әзірлеу, іске асыру және ілгерілету;
- Париж климаттық келісімін іске асыру мәселелері бойынша Қазақстанның және шет елдердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және компаниялармен өзара іс-қимыл жасау;
- климат жөніндегі Париж келісімінің 6-бабы шеңберінде ынтымақтастық тетіктерін әзірлеу;
- Қазақстанның орталық және жергілікті мемлекеттік органдарымен, ұлттық және халықаралық инвесторлармен декарбонизация жобаларын, жасыл экономикаға көшу және жасыл аумақтарды қалыптастыру жөніндегі жобаларды әзірлеу, іске асыру және қолдау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау;
- серіктес ұйымдарда ESG қағидаттарын ілгерілету.