Өңірлердің тұрғындарымен кездесу кестесіне сәйкес ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Алматы қаласының жұртшылығымен, коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен кездесті.
Министр атап өткендей, кәсіпорындардан атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі бойынша Алматы қаласы жетекші өңірлердің бірі болып табылады. 2022 жылы ел бойынша атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының нақты көлемі шамамен 2 314,8 мың тоннаны құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңінен 4% төмен. Осы жылдың 6 айында кәсіпорындардың нақты шығарындылары өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% артық.
Өздеріңіз білетіндей, экологиялық мәселелерді шешу үшін өңірлік Жол карталары іске асырылуда. Мәселен, Алматы бойынша 21 іс-шара көзделген, атап айтқанда, бұл 2026 жылға қарай Алматы энергокешенінің ЖЭО-ны газға көшіру бойынша жаңғырту. Осы жобаларды іске асыру ЖЭО-2 шығарындыларды 38-ден 2,7 мың тоннаға дейін 94%-ға, ЖЭО-3 шығарындыларды 12-ден 2,0 мың тоннаға дейін 83%-ға қысқартуға мүмкіндік береді.
Қаланың газдану себептерінің бірі көліктің үлкен ағыны екені жасырын емес. Бұл мәселені шешу үшін Алматы қаласының әкімдігі электр және газбен жұмыс істейтін 828 автобус сатып алды. Осы жылдың соңына дейін экологиялық таза қоғамдық көліктің жалпы саны 40% құрайтын болады.
Сонымен қатар, кіреберістер мен шығуларда «Сергек» жүйесінің 21 бекеті және 19 экопост орнатылған, отын сапасына бақылау күшейтілген және электромобильдер үшін тегін тұрақ орындары қарастырылған.
Кездесу барысында қаланы көгалдандыру, экологиялық туризм, ҚТҚ шығару және қайта өңдеу және т.б. мәселелер айтылды.
Е. Нысанбаев жеке мәселелер бойынша азаматтарды да қабылдап, БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.