Бүгін министр Е. Н. Нысанбаевтың төрағалығымен жергілікті атқарушы органдар, аумақтық экология департаменттері және республиканың ірі кәсіпорындар өкілдерімен эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін енгізу және қоқыс шығаратын ұйымдардың GPS датчиктерін орнату мәселесі бойынша кеңес өткізілді.
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің талаптарына сәйкес I санаттағы объектілердің операторлары эмиссиялардың негізгі көздерінде МАЖ жүйесін, ҚТҚ тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын коммуналдық қызмет кәсіпорындары, барлық деректерді уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне жіберіп отыратын, GPS датчиктерін орнатуға міндетті.
Бүгінгі таңда МАЖ жүйесін орнатуға жататын 91 кәсіпорын анықталды.
Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Жомарт Әлиев 91 оператордың 16-сы ғана жүйені орнатқанын атап өтті.
Кеңес қорытындысы бойынша Министр Ерлан Нұралиұлы кәсіпорындарға АЖМ жүйесін орнатуын бақылауды күшейту және уақтылы қосылмағаны үшін мемлекеттік экологиялық бақылау шеңберінде шаралар қабылдау туралы Комитетке тапсырма берді.
Жергілікті атқарушы органдарға деректерді ақпараттық жүйеге интеграциялай отырып, коммуналдық қызметтердің көлігінде GPS датчиктерін орнатуды қамтамасыз ету тапсырылды.