Елімізде кең ауқымды «Сұңқар» акциясы өтуде

Елімізде кең ауқымды «Сұңқар» акциясы өтуде

Қызыл кітапқа енген құстарды қорғау мақсатында ұйымдастырылған шара 15 қазанға дейін жалғасады.

Оның мақсаты – аталмыш құстардың ұя салатын жерлерге қоныс аударуы кезінде Ителгілерді аулау және өткізуге мамандандырылған ұйымдасқан қылмыстық топтардың алдын алу.

Жыл сайынғы табиғат қорғау акциясын  "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК инспекторлары Орман шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелерімен және полиция қызметкерлерімен бірлесіп өткізеді.

Биыл бұл шараға 163 инспектор мен 79 бірлік техника жұмылдырылған. Құстардың шоғырланған аумақтарында облыстардың ПД-мен бірлесіп 9 блокпост орнатылды.

Естеріңізге сала кетейік өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысқан жағдайда  мүлкі тәркіленіп, он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Фото: izi.travel