"Қазмырыш" ЖШС-не қатысты Филиповка өзенінің ластану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру ашылды

"Қазмырыш" ЖШС-не қатысты Филиповка өзенінің ластану фактісі бойынша жоспардан тыс тексеру ашылды

2023 жылғы 27 шілдеде әлеуметтік желілердеШығыс Қазақстан облысының Филиповка өзенінің сүттіреңкке ие болып, ластануы туралы бейне жарияланды.

Осы факті бойынша экология, балық инспекциясы, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, Риддер қаласы әкімдігі және "Қазмырыш" ЖШС РТКБКөкілдерінің қатысуымен комиссиялық сапар жүзегеасырылды.

Өзеннің ластануы "Қазмырыш" ЖШС Риддер тау-кен байыту кешенінің қалдық қоймасына пульпақұбырының жарылуы нәтижесінде пайда болды, нәтижесінде жер бедеріне пульпа төгіліп, кейінненөзенге түсті.

Экология департаментінің қызметкерлері химиялықталдау үшін су сынамаларынан іріктеу (ластану көзінен500 метр жоғары және ластану көзінен 500 метр төмен)алды. Қазіргі таңда сынама анықталу үстінде.

Одан әрі ластануды жою мақсатында "Қазмырыш" ЖШС пульпа құбырларын босату бойынша жұмыстаржүргізілді. Сонымен қатар, ластанған жер учаскесітехникамен жиналып, қолданыстағы қалдық қоймасынаорналастырылды.

Осы факті бойынша экология департаментімен"Қазмырыш" ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеруашылды.

Химиялық талдаулар және су объектісі мен балықресурстарына келтірілген экологиялық залалды бағалаунәтижелері бойынша қылмыстық іс қозғау үшін тексеруматериалдарын полиция органдарына жіберу мәселесіқарастырылуда.

Қабылданған шаралар туралы қосымшахабарланатын болады.