Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін

Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі З. Сүлейменова «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында орын алған ірі өрт барысында өзін табандылығымен, жаужүректігімен көрсете білген қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін" медалімен марапаттады.

Осы медальмен келесі азаматтар марапатталды:

- «Семей орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерватының мемлекеттік инспекторы Советов Қанат Талғатұлы;

- «Семей орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерваты Батпаев орман шаруашылығының өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Дюсеханов Едил Кайратович;

- «Семей орманы» Мемлекеттік орман табиғи резерваты Бегенев филиалының трактористі Мухамеджанов Мұрат Жолдасбайұлы.

Сонымен қатар, іс-шара барысында жоғары кәсіби қабілеті және су шаруашылығын дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Министрліктің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың үздік мамандары "Су шаруашылығының үздігі" төсбелгісімен және Министрліктің Құрмет грамотасымен марапатталды.