
Қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан "Семей орманы" резерватының 14 қызметкері “Құрмет" орденімен марапатталды. Мемлекеттік наградаларды қайтыс болған қызметкерлердің туыстарына Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова табыстады. Сондай-ақ қаза тапқандардың отбасыларына барып, көңіл айтып, қайғыларына ортақтасты.