
Жедел деректерге сәйкес, қазіргі уақытта өрттің жалпы ауданы шамамен 60 мың га құрады, бірақ елді мекендерге қауіп жоқ. Өрттің таралуын шектеу үшін тиісті шаралар жүргізілуде.
13 маусым күні таңғы сағат 4-тен бастап өрттің шеттерін сөндіру мақсатында төрт әуе бортының ұшуы жүзеге асырылды. Алайда қатты түтін ұшқыштардың жұмысын қиындатуда.
Қазіргі уақытта өртті сөндіруге барлығы 1803 адам, 348 бірлік түрлі техника мен 12 тікұшақ жұмылдырылған.
Сонымен қатар, метеорологтардың хабарлауынша, 13 маусым күні кешке қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай соғуы мүмкін, күндіз солтүстік-шығыстан 9-14 м/с-нан 15-20 м / с дейін жел соғуы ықтимал. Күндіз ауа температурасы + 32 градусқа дейін болады деп күтілуде.
Қалыптасқан жағдайды толыққанды нақтылау үшін Экология және табиғи ресурстар министрі З. Сүлейменова мен бірінші вице-министр Н. Шарбиевтің қатысуымен жедел штаб өкілдері тікұшақпен өрт ошақтарын айналып өтті.