Жасыл энергетиканы дамыту мәселелері

Жасыл энергетиканы дамыту мәселелері

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова мен Француз халықаралық қатынастар институтының негізін қалаушы президенті Тьерри де Монбриаль мырза екіжақты кездесу барысында Қазақстандағы жасыл энергетиканы дамыту мәселелерін талқылады.

Естеріңізге сала кетейік, Француз халықаралық қатынастар институты (IFRI) 1979 жылы құрылған және 40 жылдан астам уақыт бойы халықаралық мәселелерді талдау және болжау саласындағы негізгі институт болып табылады.

"Біздің республика климат жөніндегі халықаралық шарттар шеңберінде мәлімделген міндеттемелерге қол жеткізуге бағытталған белсенді жұмыс жүргізуде. Париж келісімі халықаралық климат саясатындағы бетбұрыс болды. Қазақстан Республикасы ТМД елдері арасында бірінші болып осы Келісімді ратификациялады", - деді Министр кездесу барысында.

Осы Келісім шеңберінде Қазақстан 2030 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 15% - ға қысқартуды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың ақпан айында біздің еліміз 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясын қабылдады, ол экономиканы терең декарбонизациялау үшін эталон болып табылады және мақсатқа жету үшін одан әрі әрекет етудің негізін қалады.

Стратегия елдің төмен көміртекті дамуға көшудегі экономикалық және әлеуметтік артықшылықтарын көрсетеді.

Энергетикалық ауысу баламалы және жаңартылатын энергия көздеріне көшуді жүзеге асыру мақсатында экономиканың барлық секторларында озық халықаралық тәсілдер мен стандарттарды енгізумен сүйемелденетін болады. Оларға экологиялық көлік түрлеріне стандарттар, отын мен энергияны тұтынуды азайту, қалдықтарды қайта өңдеу, энергия тиімділігі жатады, әңгіме барысында атап өтілді.

Сондай-ақ, ведомство басшысы ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу, климаттың өзгеруіне бейімделу, жаңартылатын энергия көздерін енгізу, сутегі энергетикасын дамыту, сондай-ақ шөлейттенуге қарсы күрес туралы хабардар етті, оның шеңберінде 2 млрд.ағаш отырғызу жөніндегі іс-шараларды іске асыру жүріп жатыр.

Мысалы, 2023 жылдың деректері бойынша жаңартылатын энергетика объектілері өндірген электр энергиясының көлемі электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінің 4,8% -. құрады. 

"Сіздермен аталған бағыттар бойынша ынтымақтастық өзара тиімді және сындарлы өзара іс - қимыл бағытында қарқынды дамитынына сенімдімін", - деді кездесу соңында З.Сүлейменова.