Үлгі аларлық ауыл

Үлгі аларлық ауыл

Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданының таңғажайып Қарақұдық ауылы туралы айтып бергіміз келеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуге бастамашы бола отырып, экономиканы жасылдандыру мен қоршаған ортаны қорғауды экономикалық бағыттың негізгі бағыттарының бірі деп атады. Еліміздің өңірлерінде көмірқышқыл газының бөлінуін шектеу және өсіп келе жатқан шөлейттенуді ауыздықтау үшін бес жыл ішінде ормандарға 2 миллиардтан астам ағаш отырғызу және елді мекендерде 15 миллионнан астам ағаш отырғызу жөніндегі мемлекет басшысы алға қойған ауқымды міндет жүзеге асырылып жатыр.

Бұл ауқымды шараға ауыл тұрғындары қомақты үлес қосуда. Аудан басшылығының тапсырмасына сәйкес әр ауылда көктем және күз мезгілінде елді - мекенді абаттандыру мен көгалдандыру мақсатында 200 түп ағаш пен бұталар отырғызу жоспарға қойылған. Алайда соңғы 2 жыл ішінде Қарақұдық ауылы бойынша  ауыл тұрғындармен бірлесе қойылған жоспардан асыра, барлығы 3472 түп (оның ішінде:  қарағай – 100, терек - 922, шырша - 20, қайың - 90, қызыл шетен - 20, қарағаш - 120, үйеңкі – 200 және де үйеңкінің – 2000 түп бұтасы) отырғызылды. Қазіргі таңда сол көшеттерді күту мен суару жұмыстары ауыл әкімі мен қоғамдық жұмыскерлер көмегімен жүзеге асырылуда. Туған өлкені көгалдандыру жұмыстары одан әрі де өз жалғасын табатын болады.

Тек осылай ғана ортақ күшпен біз алға қойған мақсаттарға қол жеткізіп, іске асыра аламыз.

Айтып өтетін болсақ, Бауыржан Ботпайұлы 2021 жылдың шілде айында сайлау нәтижесінің қорытындысы бойынша Қарақұдық ауылына әкім болып сайланды.