Саңырауқұлақтар мен жидектерді жинау бойынша

Саңырауқұлақтар мен жидектерді жинау бойынша

Халық (жеке тұлғалар) жабайы өсетін жемістерді, жаңғақтарды, саңырауқұлақтарды, жидектерді, дәрілік өсімдіктерді жеке және үйде пайдалануы үшін жергілікті мәслихаттардың шешімімен бекітілген нормалар шегінде өтеусіз және еш рұқсат қағассыз жинай алады.

Жинау нормалары өсімдіктер әлемін, геоботаникалық және ресурстық зерттеулер материалдарының негізінде белгіленеді.

Бір адам бір мезетте дәрілік өсімдіктерді (сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерден басқа) 10 кг-ға дейін, жемістер мен жидектерді 20 кг-ға дейін, саңырауқұлақтарды 25 кг-ға дейін жинай алады.

Коммерциялық құрылымдардың өкілдері үшін, яғни бизнесі өсімдіктер әлемін пайдаланумен (оның ішінде саңырауқұлақтарда бар) байланысты тұлғалар үшін бұл қызмет түрі ақылы болады. Жинау көлемі осы ресурстардың табиғи қорларын, таралуын, құндылығын, қайта өсіру мүмкіндігін, өнімділігін ескере отырып айқындалатын болады.

Төлемақы мөлшерін жергілікті маслихат бекітеді, ол әкімдіктердің есептеулері негізінде, нарықтық бағалар мен оларды дайындауға, өңдеуге, тасымалдауға және өткізуге жұмсалған шығындар сомасы арасындағы айырма негізінде белгіленеді.

Өсімдік ресурстарының нарықтық бағасы өнімді жаппай жинау маусымында жинау орны бойынша анықталады.