Қазгидромет ЭТРМ РК Үндістанда тренингтерден өтті

Қазгидромет ЭТРМ РК Үндістанда тренингтерден өтті

Үндістанның Пуна қаласындағы Метеорологиялық оқу институтының (MTI) Климаттық зерттеулер басқармасында 2023 жылғы 27 наурыз - 7 сәуір аралығында ДМҰ және Үнді метеорологиялық қызметінің ұйымдастыруымен «Ауа райы болжамының практикалық аспектілері» тақырыбында тренинг өтті. Оның құрамына Қазақстан, Иран, Сауд Арабиясы, Мьянма және Моңғолиядан келген 6 шетелдік қатысушы, сондай-ақ Үндістан өкілдері кірді.

Аталған семинарда білім алушылар Үндістанда қолданылатын ауа райы болжамын сандық модельдеу аспектілерімен танысты. Курсқа қатысушылар іс жүзінде WRF (weather Research & forecast) моделін іске қосты, сондай-ақ ауа-райын болжауға және шығыс деректерін визуализациялауға арналған диагностикалық және болжамдық өнімдерді жасау үшін модель бағдарламаларын баптады.

Қазақстанның ұлттық метеорологиялық қызметі өз жұмысында сонымен қатар сандық болжау модельдерін пайдаланады және WRF моделін іске қосады, сондықтан бұл семинар компьютерлік болжау модельдерін дамыту үшін жақсы практикалық тәжірибе болып табылады.