БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесу

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесу

2023 жылғы 24 наурызда Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменованың БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен кездесуі өтті.

БҰҰ-ның 2023 Су конференциясында қазақстандық делегацияны басқарып отырған министр БҰҰ Бас хатшысын Қазақстанның су ресурстарын орнықты басқару саласындағы жоспарлары туралы хабардар етті. Бас хатшы Қазақстанның күш-жігерін жоғары бағалап, ҚР-дың Орнықты даму мақсаттарына (ОДМ) қол жеткізу саласындағы белсенді ұстанымын атап өтті.

Келіссөздер барысында Алматы қаласындағы Орталық Азия және Ауғанстан елдері үшін ОМД бойынша БҰҰ Өңірлік хабын құру Қазақстанның бастамасы да талқыланды.