Еңбекақы төлеу қорын арттыру

Еңбекақы төлеу қорын арттыру

2023 жылғы 16 наурызда ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы» мәселесі қаралды.

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы қызметкерлеріне және Қазгидрометтің бақылау желісінің мамандарына еңбекақы төлеу қорын арттыруға өтінімдер берді.

Бүгінгі таңда орман шаруашылығында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы республикадағы ең төменгі жалақы болып табылады. Бұл проблема білікті мамандардың айтарлықтай кетуіне және жалпы саланың тартымсыздығына әкелді.

Аталған қызметкерлердің төмен жалақысы туралы мәселені министрлік те, депутаттар да бірнеше рет көтергенін атап өту маңызды.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі лауазымдық айлықақыларға үстемеақылардың мөлшерін арттыру арқылы жалақыны көтеру тәсілін қолдады.

Осыған байланысты Министрлік «Аазаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына тиісті түзетулер әзірледі және тиісті есептеулер жүргізді.

Орман және табиғат қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысын арттыру мәселесі 2023 жылғы 28 ақпанда республикалық бюджет комиссиясының отырысында қаралып, қолдау тапты.

Қосымша қаражат бөлінген жағдайда жалақыны арттыруға, қызметкерлердің наразылық ошақтарын және бақылау желісіндегі әлеуметтік шиеленісті азайтуға және бақылаулардың бұзылуына жол бермеуге, су тасқынына қарсы іс-шаралар мен фермерлер үшін егіс жұмыстарын уақтылы жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жобаны қабылдау орман шаруашылығы қызметкерлерінің денсаулығына және өміріне зиян келтіру қаупімен байланысты жұмысы үшін (Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман күзеті қызметі, табиғат қорғау мекемелерінің мемлекеттік инспекторы және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың инспекторы, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін балықтандыру жөніндегі ұдайы өндіру кешенінің мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлері) қосымша ақы төлеуді көздеуге мүмкіндік береді.