Медициналық қалдықтардың рұқсат етілмеген қоқысы анықталды

Медициналық қалдықтардың рұқсат етілмеген қоқысы анықталды

26 желтоқсанда МЕТРО гипермаркетінің жанындағы "Нұрлы жол" вокзалының ауданында медициналық қалдықтардың рұқсат етілмеген қоқысы анықталды.

Астана қаласы бойынша экология департаментінің қызметкерлері полиция және санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің өкілдерімен бірлесіп, ластаушы заттарды анықтау бойынша зерттеу және өлшеу жүргізу үшін сол жерге барды.

Тексеру барысында полигон шамамен көлемі 50 м3 құрайтындығы анықталды. Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы ЕҚДБ-да материал тіркеді. Бұдан әрі қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады.