«CLIMATE TALKS» халықаралық білім беру конференциясы өтті

«CLIMATE TALKS» халықаралық білім беру конференциясы өтті

Бүгін Назарбаев Университетінде «Climate talks» халықаралық білім беру конференциясы басталды. Іс-шараны ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасымен, Назарбаев Университетінің тұрақты даму офисімен және «National Conservation Initiative» Корпоративтік қорымен бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шара гибридті форматта өтті, оған мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және жастар бастамаларының өкілдері, студенттер, халықаралық және ұлттық климат сарапшылары қатысты.

Бұл конференция жаһандық климаттың өзгеруінің салдары, парниктік газдар шығарындыларын азайту және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы тараптарының
27-ші конференциясының қорытындылары туралы білімді жастар арасында кеңінен ақпараттандыру және тарату мақсатында өткізіледі.

Конференция аясында «Think Global, Act Local» ұранымен жасыл жобалардың студенттік көрмесі өтті. Студенттер пластмасса мен әйнекті құрылыс материалдарына қайта өңдеу, кампустағы электр энергиясын тұтынуды бақылау қосымшасы, мүгедектер арбасына арналған электр қорабы және т.б. әзірлемелерін көрсетті.