Корпоративтік секторға климаттық жоғары әсер ету ЕҚДБ-ЖКҚ бағдарламасы іске қосылды

Корпоративтік секторға климаттық жоғары әсер ету  ЕҚДБ-ЖКҚ бағдарламасы іске қосылды

Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанында Жасыл климат қоры (ЖКҚ) қаржыландыратын және Еуропалық Қайта Құру және даму банкі (ЕҚДБ) іске асыратын корпоративтік сектор үшін жоғары климаттық әсер ету бағдарламасы іске қосылды.

Бағдарлама жеті елдегі корпорациялар үшін ашық 1 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі өтпелі қаржыландыру болып табылады. Аталған жоба Қазақстанда және одан тыс жерлерде (Армения, Иордания, Марокко, Сербия, Тунис және Өзбекстан) төмен көміртекті технологияларды ілгерілетуге бағытталған ЖКҚ мен ЕҚДБ-ның алғашқы ауқымды инвестициясы болып табылады.

Жоба климатқа әсері жоғары технологияларды игеруде, климаттың өзгеруіне қарсы күреске инвестицияларды ынталандыруда жеке секторды қолдауға, энергияны көп қажет ететін салаларда, атап айтқанда өнеркәсіптік, тау-кен және ауыл шаруашылығы секторларында өзгерістерге жәрдемдесуге арналған.

Іс-шара барысында Қазақстандағы корпоративтік сектор үшін жоғары ықпалды бағдарлама ұсынылып, төмен көміртекті дамуға көшуді қаржыландыруға байланысты проблемалар мен мүмкіндіктер талқыланды.

ЭГТРМ-нің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директоры Айнұр Көпбаева өз сөзінде Қазақстанның жоғарыда аталған секторларды климаттық қаржыландыру мен декарбонизациялауға қатысты басымдықтарын атап өтті.

ЕҚДБ өкілі Максимилиано Рива өз сөзінде өнеркәсіптік және ауылшаруашылық корпорациялары Климаттық стратегияларды жүзеге асыруда қандай кедергілерге тап болатынын, жеңілдетілген қаржыландыру «жасыл» технологияларға көшу үшін жеке қаржыландыруда қандай рөл атқара алатынын атап өтті.

Сондай-ақ, ЕҚДБ-тің Ян-Вильем ван ден Вен, Дүниежүзілік банктің өкілдері Киртан Чандра Саху Қазақстандағы көміртегі нарығын реттеу бойынша, әсіресе Еуропалық Одақтың шекаралық көміртегі салығын енгізу перспективасында, сондай-ақ Қазақстанға шығарындылар саудасы жүйесін нығайтуда көрсетілетін қолдау туралы ақпаратпен бөлісті.

Аталған іс-шараға жеке сектордың, «Астана» халықаралық қаржы орталығының, «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының» КЕАҚ, сондай-ақ Дүниежүзілік банктің өкілдері қатысты.