Словакия Республикасының Елшісімен кездесу

Словакия Республикасының Елшісімен кездесу

2022 жылғы 6 желтоқсанда экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Т.А. Момышев Словакия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Роберт Кирнаг мырзамен кездесті.

Әңгімелесу барысында Т. Момышев Словакиямен дамыған сауда-экономикалық әлеуеті бар Орталық Еуропадағы маңызды серіктес ретінде екіжақты қатынастарды дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, Словакия өңдеу өнеркәсібі, IT саласы, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, қоршаған ортаны қорғау сияқты ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары бойынша Қазақстанның маңызды экономикалық серіктесі болып табылады.

Өз кезегінде Роберт Киернан мырза қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіп, энергетика, білім беру, туризм, сондай-ақ метрология және сәйкестікті бағалау саласындағы өзара іс-қимылды күшейтуге қызығушылық білдірді.

Сонымен қатар, тараптар Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты келісім бойынша келіссөздер барысын, сондай-ақ Қазақстанда Пржевальский жылқыларын қайта жерсіндіру мәселесін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, оның ішінде Астана қаласында өтетін үкіметаралық комиссияның алдағы отырысы шеңберінде уағдаластыққа қол жеткізілді.