2022 жылдың 24 қараша күні Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Л.Шалабекованың Алматы облысы Ұйғыр ауданы халқымен кездесуі өтті.
Басты талқыланған тақырып – Алматы облысындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту мәселелері.
Айта кету керек, Алматы облысында 5 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар - Шарын, Іле-Алатау, Көлсай-көлдері ұлттық парктері, Алматы қорығы және Іле-Балқаш резерваты.
Шонжы ауылы тұрғындарын Ұйғыр ауданындағы сумен қамтамасыз ету, мал жаю, заңсыз ағаш кесу мәселелері және Шарын ұлттық паркінің дамуы қызықтырды.
Өз сөзінде Ә.Л.Шалабекова:
«Ағымдағы жылдың 10 ай қорытындысы бойынша әлемге әйгілі Шарын ұлттық паркіне 50 мыңға жуық турист келген, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 17%-ға көп. Былтырғы жылғы көрсеткіш 35 мың адамды құраған», - деп атап өтті.
2004 жылы негізі қаланған ұлттық парктің аумағы 127 мың гектарды құрайды. 2018 жылы Шарын ұлттық паркі ЮНЕСКО-ның Халықаралық биосфералық резерваттар тізіміне кірген.
Кездесу соңында вице-министрдің азаматтарды жеке қабылдауы өтті.