Каспий маңы елдері итбалықтарды сақтау мәселелерін талқылады

Каспий маңы елдері итбалықтарды сақтау мәселелерін талқылады

16 қараша күні Балық шаруашылығы комитеті Әзірбайжан Республикасы, Ресей Федерациясы және Түрікменстан Республикасы өкілдерінің қатысуымен «Каспий итбалығын зерттеу және сақтау мәселелері» атты халықаралық вебинар ұйымдастырды.

Вебинар барысында әрбір қатысушы ел Каспий итбалықтары популяциясының жай-күйі туралы ақпарат баяндады. Сондай-ақ, Қазақстанның ғылыми ұйым қызметкерлері  аталмыш жануарларды сақтау және қорғау  жөніндегі ұлттық іс-шара жоспарын ұсынды.

Сонымен қатар, аталған мемлекеттер арасында каспий итбалығын зерттеу және оларды сақтау шаралары бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының тұрғындарымен кездесуде Каспий итбалықтарының санын сақтау және қалпына келтіру мәселесі жеке бақылауында екенін атап өткен болатын.

Осыған байланысты, Комитет тапсырмаларды орындау үшін тиісті шаралар қабылдауда.