Итбалықтардың өлімі туралы ақпарат

Итбалықтардың өлімі туралы ақпарат

2022 жылғы 7 қарашада Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша балық инспекциясы бөлімінің қызметкерлері және Маңғыстау облысы бойынша балық шаруашылығы қауымдастығы – BD өкілі Каспий теңізінің жағалауындағы рейдтік іс-шаралар барысында Түпқараған ауданында өлі итбалықтардың ұшасы табылды.

Бұған дейін хабарланғандай, ағымдағы жылдың 8 қарашасында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы бастаған комиссия Түпқараған ауданының, Форт-Шевченко қаласының жергілікті атқарушы органдарының, Түпқараған ауданының полиция бөлімінің, Маңғыстау облысының Экология департаментінің, Маңғыстау облысының аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімшелерінің,Түпқараған ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің және каспий итбалығын зерттеу және оңалту орталығы өкілдерімен өлімге ұшыраған итбалықтар анықталған жерге барды.

Маңғыстау облысының аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау бөлімшелері өлімге ұшыраған итбалықтардың ішектерінің гистологиялық сынамаларын қауіпті аурулардың (пастереллез, етқоректілердің обасы) қоздырғыштарының болуын анықтау үшін іріктеп алды. Қазіргі уақытта сынамалар зерттеу жүргізу үшін «Ветеринария жөніндегі ұлттық референттік орталық» ШЖҚ РМК зертханасына жіберілді. Зерттеу нәтижелері 2 аптадан кейін дайын болады.

2022 жылы 9 қараша күні Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Түпқараған ауылдық округі әкімдігінің және Балық шаруашылығы қауымдастығының өкілімен бірге Баутино ауылындағы Каспий теңізінің жағалауында өлімге ұшыраған итбалықтардың ұшаларын жинау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Сонымен қатар, өлімге ұшыраған итбалықтардан Қазақстандық қолданбалы экология агенттігінің, микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығының және Ресей Ғылым Академиясының Экология және эволюция мәселелері институтының қызметкерлері аурудың вирусологиялық, бактериологиялық шығу тегін аңықтау үшін, сондай-ақ серологиялық, гормондық және токсикологиялық зерттеулер үшін сынама алды. Каспий итбалығын зерттеу және оңалту қызметкерлерімен жасын аңықтау үшін мұр кесіндісі және организмде ауыр металдарды аңықтау үшін бауыр кесіндісі алынды. Гидробиология және экология институтының өкілдерімен дене өлшемдері, жасын аңықтау үшін тісі мен тырнақтары және структуралық өзгерістерді аңықтау үшін гистологиялық зерттеулерге сынама алынды. Алдын-ала нәтижелер бір айдан кейін белгілі болады.

Сондай-ақ, Каспий итбалықтарының өлімінің бұл фактісі Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының полиция бөлімінде 2022 жылғы 7 қарашада № 2247520300001386 болып тіркелгенін, оның шеңберінде жануарлардың өлімінің себептері мен басқа да мән-жайлары анықталатынын еске саламыз.

2022 жылдың 10 қарашасында сағат 12-00-дегі жағдай бойынша 141 өлі итбалық ұшалары табылды.

Қосымша ақпарат түскен жағдайда жаңартылады.

Нәтижелер туралы қосымша хабарланатын болады.