Халықаралық сарапшылар метанның ағып кетуін анықтау технологияларын таныстырды

Халықаралық сарапшылар метанның ағып кетуін  анықтау технологияларын таныстырды

2022 жылғы 26 қазанда Министрлік Шетелдік инвесторлар кеңесі жанындағы  төмен көміртекті даму жөніндегі жұмыс тобымен және OGCI (Oil and gas Climate Initiative) жобасымен бірлесіп «Мұнай-газ саласындағы метан шығарындыларын сандық бағалау және оларды қысқарту» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен отандық мұнай компанияларының өкілдері және халықаралық сарапшылар қатысты.

OGCI – мұнай-газ климаттық бастамасы, халықаралық салалық ұйым, оның құрамына мұнай-газ саласына мүше 12 компания кіреді: BP, Chevron, CNPC, Eni, Equinor, ExxonMobil, Occidental, Petrbras, Repsol, Saudi Aramco, Shell және TotalEnergies. Бұл бастама 2014 жылы құрылды және Париж келісімінің мақсаттарын орындау үшін парниктік газдар шығарындыларын азайтуды жеделдету бойынша бірлесіп жұмыс істеуге бағытталған.

ҚР Экология министрлігінің Климаттық саясат және жасыл технологиялар департаментінің директоры және OGCI жобасындағы Chevron компаниясының өкілі құттықтау сөз сөйледі.

Аталған іс-шарада халықаралық сарапшылар метанның ағып кетуін анықтау технологияларын, сондай-ақ метан шығарындыларын реттеу бойынша халықаралық тәжірибені таныстырды.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша елді метан бойынша жаһандық міндеттемеге (Global methane pledge) қосылу мақсатында метанды реттеу саласындағы одан әрі ынтымақтастық жөнінде шешім қабылданды.