Ұлттық парктер мен қорықтар қызметі талқыланды

Ұлттық парктер мен қорықтар қызметі талқыланды

Қазақстан Республикасы Экология геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ә.Л. Шалабекованың төрағалығымен Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында кеңес өткізілді. Жиында ұлттық парктер мен қорықтардың қызметі талқыланды.

Сонымен қатар, табиғатты қорғау мекемелерінің бірінші басшыларының есептері тыңдалып, ормандарды молықтыру, браконьерлік, экотуризмді дамыту барысында туындайтын проблемалық мәселелер мен оларды шешу жолдары қарастырылды.

Сондай-ақ, инвестициялық жұмыстардың барысымен танысу үшін аталмыш кеңеске “Тұранга групп" ЖШС, "QazaqGeography" РҚБ өкілдері және еріктілер шақырылды.

Қазіргі таңда Қазақстанда 14 ұлттық парк пен 10 қорық бар. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ шекараларына биологиялық әртүрлілікті сақтау үшін ерекше маңызды бірегей табиғи кешендер енгізілген.