Каспий аймағы жаһандық климаттық күн тәртібінде: қиындықтар, мүмкіндіктер, тәсілдер

Каспий аймағы жаһандық климаттық күн тәртібінде: қиындықтар, мүмкіндіктер, тәсілдер

2022 жылғы 5 қазанда Мәскеу қаласында 2-ші Каспий экономикалық форумы аясында «Каспий аймағы жаһандық климаттық күн тәртібінде: қиындықтар, мүмкіндіктер, тәсілдер» атты сессия онлайн-режимде өтті.

Кеңеске Каспий маңы мемлекеттері Ресей, Әзірбайжан, Қазақстан және Иранның өкілдері қатысты. Аталған алаңда қатысушылар Каспий өңіріндегі климаттың өзгеруі, оның қолайсыз салдары, Париж келісімінің ережелерін іске асыру, жаһандық энергияға көшу, орнықты даму трендтері және Каспий маңы өңірі үшін жаңа сын-қатерлер мәселелерін талқылады.

РФ Экономикалық даму министрі М.Решетников өз сөзінде Қазақстан өңірде бірінші болып шығарындылар саудасы жүйесін енгізгенін және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша өршіл мақсат қойғанын атап өтті.

Өз кезегінде қазақстандық тарап Каспий өңірінің климатының өзгеруіне осалдығын ескере отырып, климаттың өзгеруіне қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.