«Еуропа үшін қоршаған орта» атты министрлер конференциясы

«Еуропа үшін қоршаған орта» атты министрлер конференциясы

2022 жылғы 5-6 қазан аралығында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова Кипр Республикасының Никосия қаласында өтіп жатқан «Планетаны түрлендіру» ұранымен «Еуропа үшін қоршаған орта» атты тоғызыншы министрлер конференциясына қатысуда. Шараның ұйымдастырушысы – Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық Экономикалық комиссиясы (БҰҰЕЭК).

5 қазандағы «Добржиштен Никосияға дейін жалпыеуропалық өңірдегі экологиялық ынтымақтастыққа 30 жыл» пленарлық отырысы барысында вице-министр жалпыеуропалық процесс аясындағы жұмыстың негізгі бағыттары туралы тезистер ұсынды, оның ішінде жұртшылықтың экологиялық ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету, жаңа экологиялық кодекс шеңберінде стратегиялық экологиялық бағалауды енгізу, сондай-ақ жаңа экологиялық кодекс шеңберінде стратегиялық экологиялық бағалауды енгізу бөлігінде
2011 жылы Астанада өткен «Еуропа үшін қоршаған орта» Жетінші конференциясының негізгі қорытындыларын орындау, «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын және Астана Су іс-қимылын іске асыру бойынша да айтылды. Вице-министр сондай-ақ трансшекаралық су ағындары мен халықаралық көлдерді қорғау және пайдалану жөніндегі Конвенция шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, вице-министр Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) ұйымдастырған «Шығыс Еуропадағы, Кавказдағы және Орталық Азиядағы экономикалық дамуды экологияландыру» атты пікірталасқа қатысып, Қазақстанның экология саласындағы негізгі жетістіктерімен және «жасыл» экономиканың даму перспективаларымен бөлісті.

Сондай-ақ, З.Сүлейменова Орталық Азия өңірлік экологиялық орталығының (ОАӨЭО) орнықты даму үшін білім беру (ҮББ) және оның Орталық Азия мен Кавказ экономикаларын экологияландыру үшін өңірлік платформаларға жәрдемдесудегі рөлі атты сайд-ивентінде құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара алаңдарында вице-министр ЭЫДҰ жасыл өсу және жаһандық қатынастар департаментінің басшысы Куми Китамори ханыммен, ГФР Федералдық қоршаған орта, табиғатты қорғау және ядролық қауіпсіздік министрлігі департаментінің директоры Юрген Кайнхорст мырзамен, БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы (ҚОҚБ) атқарушы директорының орынбасары Соня Лейтон-Коне ханыммен екіжақты кездесулер өткізді.

Бүгін З.Сүлейменованың «Жалпыеуропалық өңірдегі экономиканы экологияландыру, тұрақты инфрақұрылымды құру бойынша жұмыс» дөңгелек үстелінде со-модератор ретінде қатысуы, сондай-ақ БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының өкілдерімен екіжақты кездесу күтілуде.

Конференцияға жұртшылық, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін қоса алғанда, 70 елден 900-ден астам адам қатысады.