«Таза Көкжайлау» акциясы өтті

«Таза Көкжайлау» акциясы өтті

Іле–Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Медеу филиалы Көкжайлау шатқалында «Таза Көкжайлау» экологиялық маңызы ерекше тазалық акциясын өткізді.

Тазалық акциясы барысында топтарға бөлінген тазалаушылар Көкжайлау шатқалын қоқыстан тазартып, демалушыларға табиғатты аялау, қорғау, ластамау жайлы түсініктеме жұмыстарын жүргізді.

Осындай тазалық акциясына белсене қатысып, атсалысқан еріктілер, қоғам белсенділері, қала тұрғындары мен қонақтары, спорттық туристер қауымдастығы, «Бодрячок» клубы, Медеу аудандық «AMANAT» партиясының жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты, Алматы қалалық экология департаменті, ұлттық парк қызметкерлері қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.