Душанбе қаласында Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі Үкіметаралық кеңестің XXV сессиясы өтті

Душанбе қаласында Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі Үкіметаралық кеңестің XXV сессиясы өтті

22-23 қыркүйекте Душанбе қаласында (Тәжікстан Республикасы) Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі Үкіметаралық кеңестің XXV сессиясы өтті. Сессия жұмысына Армения, Беларусь, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның геологиялық қызметтерінің делегациялары қатысты.

Үкіметаралық Кеңестің XXV сессиясында Қазақстанды ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті төрағасының орынбасары Пшенбаев А.С. таныстырды.

Ынтымақтастық Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің 5 жылдық кезеңге арналған бірлескен жұмыстарының перспективалық жоспары шеңберінде жүзеге асырылады.

Сессия барысында Үкіметаралық Кеңестің XXIV сессиясының шешімдерін орындау және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен жұмыстардың 2021-2025 жылдарға арналған перспективалық жоспарындағы іс-шараларын жүзеге асыруға байланысты ТМД-ға қатысушы мемлекеттер геологиялық қызметтерінің делегациялары басшыларының 2021 жылғы қазан – 2022 жылғы қыркүйек аралығындағы жұмысының нәтижелері туралы баяндамалары тыңдалды.

Сондай-ақ, Жер қойнауындағы пайдалы кен қазбаларын бағалаудың ғылыми-технологиялық жағынан қамтамасыз етудің негізгі бағыттары мен жолдары, жер қойнауының жай-күйін мемлекеттік мониторингтеу шеңберіндегі ынтымақтастықты дамыту, Ташкент маңындағы трансшекаралық су көкжиегінің минералдық су ресурстарын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның өзара іс-қимылынын дамыту, шекара маңындағы аумақтар жер қойнауының минералдық-шикізаттық әлеуетін геологиялық зерттеу және бағалау жөніндегі халықаралық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Үкіметаралық Кеңес туралы Ережеге сәйкес Төрағаның функциялары Тәжікстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Геология Бас басқармасының басшысы Оймухаммадзода Илхомджон Султон басшылық етіп отырған Тәжікстан Республикасына берілді.