Экология министрлігінде газ жағу кезінде шығарындыларды азайту мәселесі талқыланды

Экология министрлігінде газ жағу кезінде шығарындыларды азайту мәселесі талқыланды

2022 жылғы 5 тамызда вице-министр З.Сүлейменова Дүниежүзілік банк тобы халықаралық қаржы корпорациясының Орталық Азия бойынша өңірлік өкілдігінің басшысы Кассандра Кобальт ханыммен кездесті.

Кездесу барысында атмосфералық ауаның ластануы, ластаушы заттар шығарындыларын азайту, қалдықтарды басқару және климаттың өзгеру секілді жобаларды іске асыру бойынша ынтымақтастық бағыттары талқыланды.

Қазіргі уақытта бүкіл әлемдегі елдер шиеленіскен экономикалық және өсіп келе жатқан экологиялық проблемаларға тап болды.

Осыған байланысты, кездесу шеңберінде бірлескен өзара іс-шаралар және экологиялық проблемаларды шешу үшін жобаларды іске асыруға жәрдемдесу бойынша келісімге қол жеткізілді.