Аңдатпа

Аңдатпа

2022 жылғы 3 тамызда Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әзірленіп жатқан жаңа Су кодексінің жобасы шеңберінде су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік қадағалауды енгізу бойынша реттеушілік әсерді талдаудың қоғамдық талқылауларын өткізуді жоспарлап отыр.
Мемлекеттік қадағалауды енгізу су заңнамасын бұзушылықтардың салдарын болдырмауды, анықтауды, жолын кесуді және жоюды, соның салдарынан су қатынастарының барлық субъектілері үшін әділ және тең сумен қамтамасыз етуге жағдай жасауды көздейді.

БАҚ-ты аккредиттеу ағымдағы жылғы 2 тамызда сағат 16:00-ге дейін жүргізіледі.
Ақпарат алу және тіркеу телефондары: 8-701-356-2188

Іс-шараны өткізу күні мен орны: 2022 жылғы 3 тамыз, Министрліктер үйі, № 15 кіреберіс, 351-кабинет

Уақыты: сағат 15:00-де

Онлайн және офлайн режимдерде қатысуға болады.