Шағалалардың қырылуына қатысты ақпарат

Шағалалардың қырылуына қатысты ақпарат

Қашаған кен орнының екі жасанды аралында "Шағала" (қара-ала тұқымды) құстарының жаппай қырылу фактілері анықталды. Қазір саны 2750 – ге жетті.

Осыған байланысты Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы арнайы комиссия құрып, аталған аймаққа аттанды. Құстардың өлу себебін анықтау мақсатында - су, топырақ және ауа сынамалары, онымен қатар құстардың өлекселері зерттеуге алынды.

Зерттеу нәтежиесінде, өлген құстардың сынамаларынан АН5 құс тұмауы анықталып отыр.

Қазіргі уақытта Атырау облысының аумағында құстардың жағдайына толық мониторинг жүргізілуде.

massaget.kz фотосы