Құстар қырылуының себебі анықталуда

Құстар қырылуының себебі анықталуда

Ағымдағы жылдың 26-маусым күні «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының территориясында, мекеме инспекторлары құс өлу фактісін анықтады.

Аймақты тексеріс кезінде мыңнан астам Үлкен қарқылдақ, 1200-ден астам Қылаң қарабас шағала және үш жүз Өгіз шағала өлексесі тіркелді. Аталған түрлердің ішінде Қылаң қарабас шағала құсы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Бес құстан, оның ішінде үш Қылаң қарабас шағаладан және екі Өгіз шағаладан ішкі құрылыстарының сынамасы алынып, сараптамаға жолданды.