Экология комитетінің төрағасы З. Жолдасов Қостанай халқымен кездесті

Экология комитетінің төрағасы З. Жолдасов Қостанай халқымен кездесті

Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зулфухар Жолдасов Қостанай облысына жұмыс сапарымен келді.

Облыс тұрғындарымен және үкіметтік емес ұйымдармен кездесуде ел бойынша, оның ішінде Қостанай облысы бойынша экология, геология, су ресурстары, орман және балық шаруашылығы салаларын дамыту тақырыптары қозғалды. Өзекті мәселелердің бірі болып табылатын қалдықтарды кәдеге жарату тақырыбы да назардан тыс қалдырылмады.

"Жалпы өңірде бірқатар экологиялық проблемалар бар, олардың бірі тазарту құрылыстарының жай-күйі болып саналады. Бүгінгі таңда Лисаков, Рудный, Жітіқара, Арқалық қалалары тозған және күрделі жөндеуді немесе толық ауыстыруды талап етеді. Ал Қостанай қаласы - еліміздегі биологиялық тазарту станциясы жоқ жалғыз облыс орталығы", - деп атап өтті З.Жолдасов жергілікті ОКҚ брифингінде. Сондай-ақ, қалдықтарды қайта өңдеу бойынша облыстың жетекші ұстанымдарына назар аударылып, мәселені шешудегі басты аспект азаматтардың өздерінің саналылығы болып табылатынын атап өтті.

Жұмыс сапары аясында Төраға Қазақстанның ең ірі тау – кен кәсіпорындарының бірі - "ССКӨБ"АҚ Рудный ЖЭО-да болды. Қазіргі уақытта кәсіпорында күлтұтқыш қондырғыларды ауыстыра отырып, екі қазандық агрегатын реконструкциялау бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.