ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрінің Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуін өткізу туралы хабарландыру

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрінің Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуін өткізу туралы хабарландыру

2022 жылғы 20 мамырда сағат 9.30-да Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі З.Сүлейменованың Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесу «Жастар сарайында» (фойе) өтеді, онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қостанай облысы әкімдігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.

Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: ұялы.8 708 132 78 66 және электрондық мекен-жайға: surak@ecogeo.gov.kz.

Халықпен кездесу өткізу аясында:

1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;

2) азаматтарды жеке қабылдау;

3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.

Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел 8 708 132 78 66, 8 747 921 95 65 нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз.

Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне сұрақ қоюға шақырамыз.

P.S. Бұған дейін ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешевтің кездесуі туралы хабарланған болатын, алайда оның кестесінің өзгеруіне байланысты халықпен кездесуді вице-министр З.Сүлейменова өткізеді.