ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІНІҢ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІНІҢ ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

2022 жылғы 20 мамырда сағат 9.30-да Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешевтің Қостанай облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Кездесу Жастар сарайында (фойе) өтеді, онлайн-көрсетілім тікелей эфирде Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қостанай облысы әкімдігінің «Facebook», «Youtube» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшасында өткізілетін болады.

Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды Министрмен кездесуде қоя аласыздар немесе келесі байланыс арналарын қолдана отырып жібере аласыздар: WhatsApp нөміріне: ұялы.8 708 132 78 66 және электрондық мекен-жайға: surak@ecogeo.gov.kz.

Халықпен кездесу өткізу аясында:

1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;

2) азаматтарды жеке қабылдау;

3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.

Кездесулерге жазылу үшін ұялы тел 8 708 132 78 66,  8 747 921 95 65 нөмірлері арқылы хабарласуды сұраймыз

Азаматтарды белсенді қатысуға және Экология, геология және табиғи ресурстар министріне сұрақ қоюға шақырамыз.