С. Брекешев Түркия Ауыл және орман шаруашылығы министрі Вахит Киришчимен кездесті

С. Брекешев Түркия Ауыл және орман шаруашылығы министрі Вахит Киришчимен кездесті

2022 жылғы 10 мамырда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. Брекешевтің Түркия Ауыл және орман шаруашылығы министрі Вахит Киришчимен кездесуі өтті.

Тараптар балық шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылап, балық ресурстарын басқару және сақтау саласындағы сындарлы өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға келісті.

Сонымен қатар, орман шаруашылығы саласында орман өсіру, орман өрттерін басқару, су, жел және құм эрозиясымен күрес және т. б. салалардағы қазақстан-түрік ынтымақтастығын дамыту үшін негіз болатын меморандумға қол қойылды.

Министр С.Брекешев түрік тарапының тәжірибесін атап өтіп, Қазақстан тарапының су ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру мәселелері бойынша «су мамандары» арасында тәжірибе алмасуға мүдделілігі туралы хабарлады.