С.Брекешев Түркия Қоршаған орта, урбандалу және климаттың өзгеруі министрі Мұрат Куруммен кездесті

С.Брекешев Түркия Қоршаған орта, урбандалу және климаттың өзгеруі министрі Мұрат Куруммен кездесті

2022 жылғы 10 мамырда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі С.Брекешевтің ТР Қоршаған орта, урбандалу және климаттың өзгеруі министрі Мұрат Куруммен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Министр С.Брекешев Меморандум экологиялық ақпараттық жүйелер, биоалуантүрлілікті сақтау, қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаның ластануын азайту және климаттың өзгеруіне қарсы күрес сияқты бағыттар бойынша Қазақстан-Түркия ынтымақтастығына қосымша серпін беретініне сенім білдірді.

Сонымен қатар, тараптар ұлттық табиғи парктер аумағында экологиялық туризмді дамыту мәселелері бойынша екі елдің сарапшылары арасында тәжірибе алмасуды өткізуге келісті.