Серікқали Брекешев: кабель өнімдері үшін кәдеге жарату алымы тоқтатылады

Серікқали Брекешев: кабель өнімдері үшін кәдеге жарату алымы тоқтатылады

Бұл туралы экология министрі Серікқали Брекешев кәдеге жарату алымы мәселелері жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысында мәлімдеді.

Кабель-сым өнімдері үшін кәдеге жарату алымының мөлшерлемелерін (коэффициенттерін) қайта қарау бүгінгі күннің басты мәселесі болғаны белгілі.

Отырыс басында министр қазіргі уақытта ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері кабель-сым өнімдеріне кәдеге жарату алымын алу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін ауыстыру бойынша жұмыс жүргізіп жатқандығы туралы маңызды ақпаратты айтты.

Мұндай шешім мәселелерді кабель-сым өнімдерін импорттаушылармен және өндірушілермен бірлесе талқылау барысында қабылданды. «Атамекен» ҰКП қорытындысында Ынталандыру ережелері мен кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесіне түзетулер енгізу ұсынылды.

Экология министрлігі кәдеге жарату төлемін есептеу әдістемесінің 3-тармағының қолданысын тоқтатату туралы бұйрық жобасын әзірледі, ол қазіргі уақытта мемлекеттік органдарда келісілуде.

Жиын барысында кабель өнімдерін импорттаушылар мен өндірушілердің де, сондай-ақ қоғам өкілдерінің де пікірлері мен сындарлы ұсыныстары тыңдалды.

Жұмыс тобының келесі отырысы 2022 жылғы 28 қаңтарда сағат 11:00-де өтеді. Бұл күнгі отырыс ауыл шаруашылығы техникасы үшін (трактор, комбайн) кәдеге жарату алымының мөлшерлемелерін (коэффициенттерін) қайта қарау мәселесіне арналмақ.