Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлама

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу туралы хабарлама

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1089 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне аккредиттеу жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі, сараптамалық кеңестің қызметі шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сараптама жүргізуге құқығын тану үшін аккредиттеу жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Қағиданың 9-тармағына сәйкес мемлекеттік органда аккредиттеуге үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде төмендегі құжаттар топтамасын ұсынады:

1) Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес өтініш;

2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және бірлестікті заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нотариалды куәландырылған көшірмелері;      

3) Бірлестік мүшелерінің тізімі.

Аккредиттеуге қатысу үшін құжаттардың толық пакетін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2021 жылғы 8 ақпанға дейінгі мерзімде мына мекенжай бойынша қабылдайды: 010000, Нұр-сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 14-кіреберіс, 337-в кабинет, тел. +7 7172 74-12-97, 74-08-44, 74-12-89,  k.kense@ecogeo.gov.kz (кеңсе).

Қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаментіне телефон арқылы хабарласуға болады: 74-09-74, 75-09-84, мобильді WhatsApp 701 847 2853.