Ормандарды отаудан балық шаруашылығына дейін: С.Брекешев азаматтарды қабылдады

Ормандарды отаудан балық шаруашылығына дейін: С.Брекешев азаматтарды қабылдады

Экология министрі Серікқали Брекешев Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында азаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн форматта кезекті қабылдау өткізді.

Қабылдау кезінде министрлік қызметінің түрлі салаларына, оның ішінде ормандарды заңсыз кесу, балық шаруашылығын дамыту, аң аулау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту кезінде аңшылық билеттерді беру және қоғамдық тыңдау қағидаларына қатысты сұрақтар қойылды.

Мысалы, аңшы куәлігін беруді автоматтандыру мәселесі бойынша бүгінгі күні Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Аңшы, балықшы және қорықшы куәліктерін берудің нысаны мен қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасын әзірледі, онда elicense.kz порталы арқылы аңшы куәлігін алудың бизнес-процестерін толық автоматтандыру мәселесі де қарастырылған.

Қазіргі уақытта бұйрық жобасы «Атамекен» аккредиттелген палатасының сараптамалық, қоғамдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қорытындыларын, ашық нормативтік-құқықтық атілерден есепті алу рәсімдерінен өтуде.

Министр қатысушыларға белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғысын білдірді, сондай-ақ бірде-бір өтініш жауапсыз қалмайтынын және қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешілетінін атап өтті.