Бүгін сағат 12: 00-де экология департаментіне әлеуметтік желілер арқылы «Титан-магний комбинаты» Акционерлік қоғамында апат болуы мүмкін деген ақпарат келіп түсті

Бүгін сағат 12: 00-де экология департаментіне әлеуметтік желілер арқылы «Титан-магний комбинаты» Акционерлік қоғамында апат болуы мүмкін деген ақпарат келіп түсті

Мән-жайды анықтау мақсатында сағат 12:15-те экология департаментінің қызметкерлері санитарлық-қорғау аумағы шекарасының жер беті қабатындағы зиянды заттардың құрамына аспаптық өлшеулер жүргізу үшін оқиға орнына барды. Нәтижелері бойынша шекті рұқсат етілген концентрация нормасын белгілеуден хлордың асып кету фактілері анықталды.

Келіп түскен өтініш негізінде жоспардан тыс тексеру басталғанын хабарлаймыз.

Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.