С. Брекешев Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

С. Брекешев Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

«Бүгін Қоғамдық кеңес мүшелерімен, қоғамдық ұйымдар мен ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өткіздім», - деп жазды өз Твиттер парақшасындаЭкология министрі С.Брекешев.

Кездесу республиканың барлық өңірлерін қамти отырып онлайн режимінде өтті, оған азаматтық сектордың 150-ге жуық өкілі қатысты.

Министр кездесу қатысушыларына Министрлік қызметінің бағыттары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, қоғам белсенділерінің қызықтырған сұрақтарына 3 сағат бойы жауап берді.

23 адам қоғамдық тыңдаулар өткізу, өңірлердегі экологиялық проблемалар, атап айтқанда, Теміртау, Атырау және Ақтөбе қалаларындағы атмосфералық ауа мен су ресурстарының ластануы, қоқыс жағатын зауыттар салу, Жайық өзенінің таяздануы, аңшылық шаруашылықтарын дамыту және т.б. мәселелерге қатысты 60-тан астам сауалдар қойды.

Кездесу қорытындысы бойынша Министр С.Брекешев вице-министрлер мен құрылымдық бөлімшелердің басшыларына жоғарыда аталған мәселелер бойынша жұртшылықтың ұсыныстарын қарау және оларды жұмыс топтарында шешу жолдарын бірлесіп талқылау туралы нақты тапсырмалар берді.

«Айта кету керек, мұндай кездесулер пайдалы, олар бізге кемшіліктерді анықтауға, проблемалық мәселелерді шешуге көмектеседі және жалпы мемлекеттік органның жұмысын сапалы жаңа деңгейге көтереді», - деп қорытындылады Министр.

Сілтеме:https://twitter.com/s_brekeshev/status/1466746234513899523?s=24

Фото:ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Баспасөз қызметі