Қазақстан қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату саласында озық технологияларды зерделеуде

Қазақстан қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату саласында озық технологияларды зерделеуде

25-26 қарашада ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов бастаған қазақстандық делегация  Түркияның Стамбул қаласында екі күндік іс-сапар жасады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы сарапшыларға, жергілікті атқарушы органдар мен қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне Түркияның қалдықтарды басқару саласында енгізіліп жатқан жаңа жүйені таныстырды.     

Сапар аясында делегация қатысушылары Стамбул қалалық муниципалитетінің қалдықтарды басқару басшысымен кездесіп, әлемдігі ірі қаланың  (18 млн. адам, 15-орында). қалдықтарын жинау, өңдеу және кәдеге жарату бойынша түрік тәжірибесімен танысты.

Түрік тарапы қазақстандық делегацияға тұрмыстық қалдықтарды компостты тыңайтқыштарға биологиялық қайта өңдеудің муниципалдық фабрикасын қоса алғанда, қалдықтарды басқару жүйесінің жұмыс істеп тұрған бірқатар объектілерін қарап шығуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ қазақстандықтар Түркиядағы және Еуропадағы ең ірі Waste to Energy қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарататын Istanbul Buyuksehir Belediyeleri зауытының салтанатты ашылуына қатысты.

Зауыт Стамбул муниципалитетінің тапсырысымен Hitachi Zosen Inova AG, Makyol Inşaat, Ispa Insaat және Met-Gun компанияларын қамтитын арнайы құрылған Түрік серіктестік консорциумымен салынған.

Еуропадағы Waste to Energy (w2e-қалдықтардан алынатын энергия) тұжырымдамасының ірі жобасы Hitachi Zosen Inova AG жапон-швейцариялық компаниясы әзірлеген қалдықтарды жылжымалы торда жағу технологиясының негізінде құрылған. Заманауи технология Еуропалық Парламент пен ЕО Кеңесінің «өнеркәсіптік шығарындылар туралы» 2010/75/ЕО Еуродирективасының нормаларына сәйкес келеді және түтін газын тазартудың бірнеше сатылы жүйесін, яғни атмосфераға зиянды шығарындыларсыз қарастырады.

Жобаның инвесторлары - Стамбул қалалық әкімшілігі мен ISTAC компаниясы. Құрылыс 2017 жылы басталып, 2021 жылдың 26 қарашасында түріктің энергетикалық кәдеге жарату зауыты ресми түрде жұмысқа кірісті. Кәсіпорынның қуаты Ыстамбұлдағы 1 миллион 400 мың тұрғынды электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Түркиядағы қалдықтарын басқару жүйесінің жаңа нысаны мегаполистің барлық қалдықтарының шамамен 15%-ын жойып, электр энергиясын өндіру үшін күніне орта есеппен 3 мың тоннаға дейін қалдықты сұрыптаусыз, қоршаған ортаға зиян келтірмей өртейді.

Зауытты іске қосу салтанатында Стамбул қаласының мэрі Экрем Имамоглу: «Муниципалитет және оның ISTAС еншілес компаниясы Стамбул тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту және қаланың табиғатын қорғау мақсатында экологиялық таза жаңа қалдықтарын кәдеге жарату заманауи қондырғысына инвестиция құйып, Түркия мен Еуропадағы ең ірі қалдықтарды жағу және энергия өндіретін зауыт салды».

«Энергетикалық кәдеге жарату тұрмыстық қатты қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы әлемдік үздік тәжірибе болып саналады және бізді әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің, соның ішінде Түркияның тәжірибесі қызықтырады», - деп атап өтті таныстыру сапары барысында Қазақстан делегациясының басшысы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда Waste to Energy технологиясын енгізу үшін заңнамалық база дайындалып, инвесторларды тарту бойынша тиісті шаралар әзірленді.

2025 жылға дейін «Waste to Energy» кешендерін Ақтөбе, Алматы, Өскемен, Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Шымкент қалаларында іске қосу жоспарлануда. Алты зауыттың технологиясы заманауи еуропалық стандарттарға, экологиялық кодекске, отандық заңнамалық талаптарға сәйкес келуге міндетті.

Waste to Energy тұжырымдамасын енгізудің қазақстандық тәсіліндегі айырмашылық, қалдықтарды өртегенге дейін міндетті түрде сұрыптау талабы сақталады. Қауіпті қалдықтарды бірқатар санатына энергетикалық кәдеге жарату заңнамамен тыйым салынған. 

Қазіргі уақытта әлеуетті инвесторлар, экология және қоршаған ортаны қорғау саласындағы сарапшылар және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары қоқыс полигондары мен рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің жай-күйіне байланысты экологиялық проблемаларды шешу, сондай-ақ энергия тапшылығының орнын толтыру мақсатында біздің елде одан әрі енгізу үшін қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату бойынша әлемнің озық елдерінің үздік үлгілері мен технологияларын зерделеуде.