Экология министрі С. Брекешев Финляндия Елшісімен кездесу өткізді

Экология министрі С. Брекешев  Финляндия Елшісімен кездесу өткізді

Бүгін Экология министрі С.Брекешев Финляндияның Қазақстан Республикасындағы Елшісі Сойли Мякеляйнен-Буханистпен кездесті.

Тараптар биылғы жылғы 8-9 желтоқсанда Хельсинки қаласында өтетін Қазақстан-Финляндия Үкіметаралық комиссиясының 12-отырысына дайындық мәселелерін талқылады.

Айта кетейік, фин тарапымен сауда-экономикалық ынтымақтастық, қоршаған ортаны қорғау, энергетика, орман шаруашылығы, геология, көлік, білім және т.б. мәселелерді қамтитын отырыстың күн тәртібі алдын ала келісілген болатын.

«Бүгінгі таңда біз Қазақстан-Финляндия Үкіметаралық комиссиясының 12-отырысына белсенді түрде дайындалудамыз, бұл екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау үшін маңызды диалог алаңына айналды. Біз комиссия отырысы барысында Қазақстанның осы салалардағы әлеуетін таныстыруға дайынбыз», - деп атап өтті министр.

Қорытындылай келе, C.Брекешев Финляндия Елшісіне алғыс айтып, алдағы Хельсинки қаласына сапар екі ел үшін жемісті және өзара тиімді болатынына сенім білдірді.