«Ауылыма кітап»

«Ауылыма кітап»

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қызметкерлері Қазақстандағы Отбасы күніне арналған «Ауылыма кітап» республикалық қайырымдылық акциясына қатысты.

Акцияның мақсаты - ауыл мектептерінің кітапхана қорын кеңейту арқылы ауылдық жерлердегі балалар мен жастардың дамуына жағдай жасауға көмек көрсету.

Барлығы 350 кітап жиналып, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциясы арқылы Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне әрі қарай облыс мектептеріне тарату үшін берілді.