Жайық өзенінің арнасы кебуіне қатысты мәлімет

Жайық өзенінің арнасы кебуіне қатысты мәлімет

2021 жылғы 20 қыркүйекте Caspian life интернет ресурсында Атырау қаласынан 25 км қашықтықта Жайық өзенінің арнасы кебуіне қатысты материалдар жарияланды.

Осыған байланысты, Cу ресурстары комитетінің Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының өкілдері Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп, БАҚ материалдарында көрсетілген орынды тексерді.

Бұл жершоғырлану-қуғындау құбылыстарының әсер ету аймағында екендігі анықталды. 2021 жылғы 19-20 қыркүйекте өзеннің осы учаскесінде солтүстік-батыс бағытта жел байқалды, бұл Каспий теңізі деңгейінің ауытқуына әсер етті және соның салдарынан осы учаскеде Жайық өзені арнасында аралдардың пайда болуына әкеп соқты. Бүгінгі таңда өзеннің осы учаскесіндегі жел оңтүстік-батыс бағытта соғуда, осыған байланысты кері айдау жүреді және пайда болған аралдар су астында қалды.

Соңғы жылдары Жайық өзенінің бассейнінде ұзаққа созылған су аздығы кезеңі жалғасып жатқанын атап өтеміз. Январцево гидробекетінің шекаралық тұстамасында байқалған ағын 3,5-5,5 км3 деңгейінде, орташа көп жылдық ағын кезінде 8,14 км3 құрады, бұл оның орташа көп жылдық мәнімен салыстырғанда 2 есе азайғанын көрсетеді..

Жайық өзенінің негізгі ағысының 80% Ресей Федерациясының аумағында қалыптасады.

Қазіргі уақытта ҚР шекарасына жақын орналасқан Ириклин су қоймасының (РФ аумағында) көлемі 2681 млн.м3 құрайды, ағызу 15 м3/сек шығынмен бекітілген кестеге (ҚР-РФ) сәйкес жүзеге асырылады, 2020 жылдың ұқсас кезеңінде су қоймасының көлемі 2808 млн. м3 құрады, ағызу 14,3 м3/сек шығынмен жүзеге асырылды.